Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 2024-05-05, 1:42 PM

КГУ Опорная школа (ресурсный центр) на базе СШ№23 п.Молод...

Меню сайта
Категории раздела
Ұлағат [0]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

8:17 AM
Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау

Осакаров ауданының мектептеріне 1-сыныпқа қабылдау туралы

Жаңа 2020-2021 оқу жылында Осакаров ауданының мектептерінде 1-сыныпқа қабылдау «mektep.snation.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады. 
Биылғы жылы баланы бірінші сыныпқа беруге ниет білдірген ата-аналар (заңды өкілдер) 01 маусымнан 30 тамызға дейін «mektep.snation.kz.» порталына тіркеліп, өтінім беруі қажет. Өтінім кез келген компьютерден, гаджеттен электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қажетінсіз, тек өзінің ұялы телефонының нөмірін ғана пайдалана отырып беріледі.
 Мемлекеттік қызметті алу үшін, құрметті ата-аналар (заңды өкілдер), Сіздерге іс-әрекеттер алгоритмін ұсынамыз:
       «ТІРКЕУ» бөлімі:
      1. Телефон нөмірін енгізіп, «Жіберу» түймесін басыңыз;
      2. Көрсетілген нөмірге SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз, пайдаланушының деректер саясатына келісім беру үшін «V» белгісін қойыңыз (жазуды басу арқылы табуға болады) және «Жіберу» түймесін басыңыз;
      3. Пароль жасаңыз, парольді растаңыз, «Сақтау» түймесін басыңыз.
4. Пайдаланушының логині мен паролін тиісті жолдарға енгізіңіз, «Жүйеге кіру» түймесін басыңыз.
    «МЕНІҢ БАЛАЛАРЫМ» бөлімі:
    1. «Мәзірде» «Менің балаларым» бөліміне өтіңіз.
    2. «Бала қосу» түймесін басыңыз. Барлық қажетті жолдарды толтырыңыз (жұлдызшамен белгіленген). «Сақтау» түймесін басыңыз.
      «Өтініштер» бөлімі:
     1. «Мәзір» бөлімінде «Өтініштер» бөліміне өтіңіз. «Қосу», «1 класс» батырмаларын кезекпен басыңыз;
     2. Білім беру ұйымдарының каталогынан қалаған мектепті таңдап, оны белгілеңіз. Пайда болған терезеде «Өтінішті қалдыру» түймесін басыңыз;
    3. Барлық қажетті жолдарды толтырыңыз (жұлдызшамен белгіленген). Баланы таңдаңыз, «Келесі» түймесін басыңыз. Барлық қажетті құжаттарды жүктеп алыңыз, одан кейін Сізге «Өтінішті жіберу» және «Растау» керек.
      Өтінімді жіберу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі.
2. баланың 3х4 өлшемді фотосуретін электрондық көшірмесі.
3. № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі. 
4. № 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі. 
Осыдан кейін ата-ананың (заңды өкілдің) «Жеке кабинетіне» және ұялы нөміріне өтінім мақұлданғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Ата-аналар (заңды өкілдер) тізімге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мектеп өтінімді қабылдаудан бас тартады.
 Портал пайдаланушыларына ыңғайлы болу үшін 8 747 339 7222 және                    8 727 339 7222 телефондары арқылы байланыс орталығы жұмыс істейді. Байланыс орталығының мамандары ата-аналарға (заңды өкілдерге) өтініш беру туралы кеңес бере алады, оны дұрыс жасау үшін қандай қадамдар жасау керектігін нақтылап түсіндіреді.
       Ата-аналар (заңды өкілдер) үшін 1-сыныпқа қабылдау туралы нұсқаулықтар Осакаров ауданының білім бөлімінің және аудан мектептерінің сайттарында жарияланған, сонымен қатар видео нұсқаулықты youtobe келесі сілтеме бойынша Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау немесе «mektep.snation.kz» сайтында көруге болады.

Просмотров: 400 | Добавил: ispamov2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2020  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта

Copyright MyCorp © 2024
uCoz