Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 2024-05-03, 4:59 PM

КГУ Опорная школа (ресурсный центр) на базе СШ№23 п.Молод...

Меню сайта
Категории раздела
Семинар [4]
Мастер-класс [3]
Тренинг [0]
к.с.планирование [8]
Краткосрочное планирование учителей
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов


Есенбеков М.А. :Публицистикалық стиль
2016-02-16, 5:10 PM

Пән мұғалімі: Есенбеков М.А.

Еңбек өтілі: 12 жыл

Қарағанды облысы                                                                          

Осакаровка ауданы

Молодежный кенті

№23 орта мектебі

                                                           Қысқа мерзімді сабақ жоспары

9в-сынып

Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стиль.

Сабақтың мақсаты: Публицистикалық стильді оқып үйренуге, өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізуіне, сауатты жазуына жағдай жасау.

 Міндеттері:

    1.    Оқушылардың  жаңа әдістерді қолдана отырып тақырыпты аша білуіне мүмкіндік тудыру;

  1. Нақты дәлелдемелер арқылы жасалу жолдарын меңгеру;
  2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға жол ашу,жүйелі сөйлеуге баулу;

 

Қолданылатын модульдер: Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту.

          Пән мазмұнымен байланысты оқушылар алдында кедергі болатын  негізгі қиындықтар : көп көлемде оқу (мазмұнын ашу, стратегия таңдау т.б)

Оқушылармен бірлескен табыс критерийлері:

-ойын жүйелі, дәлелді жеткізе біледі,

-сауатты жаза біледі,

-стильдердің ерекшеліктерін түсінеді.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

1.Амандасу:

Оқушылардың сабаққа деген сенімділіктерін арттыру,

2.«Шаттық шеңбері» стратегиясы

 

Оқытылатын тапсырмалар үшін бағалау:  

  1. Топтағы пікірталаста өзін-өзі бағалауы.
  2. Өзін-өзі бағалау кестесін толтыру
  3. Кері байланыс

Оқыту үшін бағалау бойынша тапсырмаларды ескердім:

  • Өзара бағалау тапсырмаларын
  • Зертеушілік бағытындағы сұрақ
  • Критерийлі бағалау

Дарынды және талантты оқушыларды ашамын: топтың ішінде белсенділік көрсетеді. Тапсырманы тез орындайды, көшбасшылық қасиеттері айқындалады

Оқытуға сыни тұрғыдан ойлауды қалай жүзеге асырамын:

Жоғары деңгейлі сұрақтар құрастыру, жұпта орындауға арналған күрделі тапсырмалар арқылы

 

 

Сабақ кезеңдері, уақыты

Кезеңнің мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау,  оқу үшін бағалау

Ресурстар

Кіріспе

5 минут

1.Амандасу:

Оқушылардың сабаққа деген сенімділіктерін арттыру,

2.«Шаттық шеңбері» стратегиясы

3.Шахмат фигураларын пайдаланып,топқа бөлемін

 

Оқушыларға бір-біріне тілектер айтқызу.

 

Топқа бөлу

Амандасады.

Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Шахмат фигурасы арқылы топқа бөлінеді.

 

Жарайсыңдар!

 

 

 

Тамаша!

Маркер,

флипчарт қағаз,

стикерлер, интербелсенді тақта

Тұсаукесер

6 минут

 

Қызығушылықты ояту:

Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі.

Оқушыларға стикерлер таратылады, оған оқушылар өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігін жазады.

Келесі кезекте жұмыс парағы беріледі. Жұмыс аяқталған соң мұғалім оқушылардың жазғандарын жинап алып,жаңа  тақырыпты анықтайды. Тақтадағы табыс критерийлерімен таныстыру.

 Жазған ойларын жұмыс парағына іледі. Осылайша парақ сағат тілі бойынша барлық топтарды айналып шығады. Табыс критерийлерін мұғаліммен бірге анықтау.

 

 

Өте жақсы!

 

Негізгі бөлім 25 минут

 

 Мағынаны тану.

 «Сократтық семинар»

стратегиясы.

 

 Өзара бағалау

Топқа бөлемін.

1.Тақырыпты түсіндіремін

2.Тақырып бойынша жаттығу жұмыстарын орындатамын.

Ітоп «Интервю» алу

ІІтоп 147-жаттығу үнқағаз бетінен 3мақаланы оқып,оған талдау жасау.

ІІІтоп 149-жаттығу берілген мәтінді публицистикалық стильге айналдыру.

«Сократтық семинар»

стратегиясы.

Оқушыларды 2 топқа 8 оқушыдан бөлемін. 4 оқушы сұрақ бойынша өз ойларымен бөліседі,4оқушы оларды қадағалайды және оқушылар орын ауысады.

 

 

Әр топ мүшелері өз міндеттерін орындайды. Тапсырма орындалған соң ерікті оқушы «ыстық орындыққа» келіп, оқушылардың сұрағына жауап береді.

Соңында топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

 

 

Тапсырманы тамаша орындадыңдар!

 

 

 

 

 

Керемет жауап!

 

Қорытынды

9 минут

«Публицистикалық стиль» Шағын эссе

Өзін-өзі бағалау

Оқушыларға бағалау кестесін ұсынамын:

1.Мен көп нәрсені үйрендім -3,

2.Мен аз нәрсені – 2, 3.Мен ештеңе үйренбедім -1

Оқушылар кестедегі өздері

қалаған  сандарды белгілейді. Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті есеп

 

 

 

            Сабақ барысында оқушылар өзін еркін, байыпты сезінгендігін байқатты. Үй тапсырмасы бойынша қойылған сұрақтарға емін-еркін жауап берді. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң тапсырмаларды орындауда оқушылар топта жұмыс жасады. Мұнда Аяжан, Ботагөз, Айсұлу, Жасурбек, Ринат көшбасшылықты өз қолдарына алып ұйымдастырушылық қасиеттерін көрсете алды. Топтағы оқушыларды жұмыс жасауға жұмылдырып, оларға үйрету, дұрыс жұмыс жасау жолдарын көрсете білді.Осыдан Выготскийдің «көпіршесі» пайда болғаны көрініс тапты.

          «Сократтық семинар» стратегиясын пайдаланып жұмыс жасауда оқушылар өз пікірлерін ортаға салды, өз түсініктерін, тақырып бойынша алған білімдері жайында пікір ауысты және бір-бірінің берген жауаптарына сараптама жасай алды. Бұл стратегия диалогтік оқытуда өте тиімді, оқушылар жүйелі және дәлелді сөйлеуге дағдыланады. Өзін және өзгені бағалауға әсері мол.

          Сабақ барысында теникалық  кемшіліктер орын алды. Слайд тест тапсырмалары аяқталмай қалды, уақыт тапшылығы да байқалып тұрды. Келесі сабақтарда бұл кемшіліктер өз шешімін табады деп ойлаймын.

 

Пән мұғалімі: Есенбеков М.А.

 

Категория: к.с.планирование | Добавил: ispamov2
Просмотров: 2434 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Copyright MyCorp © 2024
uCoz