Шеберлік сабағы
Мұғалімнің аты-жөні,
жұмыс орны
|
Искакова Раушангуль Советовна
Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кенті №23орта мектеп»КММ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
LESSON STUDI-ді ұйымдастыру және жүргізу
|
Жалпы мақсаты:
|
Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсыну.
Мұғалімдер топтарының арасында тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Study-ді қалай пайдалануға болатынын көрсету.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Мұғалімдер
- Lesson Study үдерісін;
- оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру, мұғалімдердің тәжірибелік білімін зерделеу құралы ретінде мектептерде Lesson Study тәсілін пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын;
Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінеді.
|
Түйінді ойлар:
|
- Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді;
- Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік береді;
- Lesson Study циклі сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді;
Lesson Study нәтижелері мектептегі әріптестерге және басқа мектептерге таратылады
|
Уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Тыңдаушылардың әрекеті
|
10минут
7минут
5минут
3минут
7минут
5минут
3минут
|
топқа «Lesson Study тарихы» таныстырылымы ұсынылады:;
Таныстырылым жалғасады.
Таныстырылым жалғасады.
Жаңа тәсілдің тиімділігін зерттеу үшін таңдап алынған үш оқушыға көңіл аудара отырып, Lesson Study-ді үйретіледі
жоспарлау
Оқушылардың модельделі
(1-деңгей тыңдаушыларына арналған үлестірмелі материалдарда берілге модельдерді пайдалану)
Топтық пікірталас:
Төмендегі мәселелерді талқылау:
- Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар;
- Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер;
- Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?
Топтар «Lesson Study бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесін» жасайды да, постер түрінде рәсімдейді.
Қорытынды: Өзімнің ұйымдастыруыммен жүргізілген фокус топтың жұмысының отырысынан видео материалды ұсыну.(Жұмысты жоспарлау, оқушы және мұғалімнің үнін)
Кері байланыс:
|
Lesson Study-дің негізгі сәттерін түсіндіру үшін мұғалімдер топтарда постер дайындайды. Әр постерді топпен талқылайды. Басқа топтағы мұғалімдердің постерлерін қорғағандарын тыңдай отырып, өз ұсыныстарымен толықтырады.
Белгілі бір тақырып бойынша оқытуды жақсарту үшін өз сыныптарыңызда жасап көргіңіз келетін «оқу/оқытудағы жаңа тәсілді» анықтап алыңыз.
Осы тақырып бойынша үлгерімі жоғары, орта және төмен болып табылатын үш оқушыны айқындайды.
Таныстырылымды қарай отырып,
Lesson Study-ді үйретіледі
Жоспарлау жайында түсінбеген жерлері бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.
Мұғалімдерге бақылау парақтары таратылады және сол бақылау парақтарымен жұмыс жасау үдерісі үйретіледі.
Рефлексия түрінде алынады
|
1-кезең. Бірінші кезең бойынша Lesson Study-дің тарихын таныстыру болып өтті. Осы таныстырылым барысында мұғалімдерді қызықтырған нәрсе, ол бұл тәсілдің не үшін қолданылатындығы. Таныстырылым барысында бұл толғантқан ойдың шешімін тауып, өз сұрақтарының жауабын да алғандықтарын мойындады .
2-кезең. Екінші кезең бойынша LS бойынша түсінгендерінен постер жасап, қорғады. Осының нәтижесінен әріптестерімнің LS-ге қызығушылықтарын оята алғанымды ұқтым.
3-кезең. Қорытынды кезеңде мұғалімдерден кері байланыс ретінде рефлексия алдым. Рефлексиядан, мұғалімдер өздеріне шеберлік сабағының ұнағанын және жүргізілген жұмыстың электронды нұсқасын
үлгі ретінде сұраулары бойынша тастап кеттім. |